KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілген  «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль аясында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Еліміздің Ата заңының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген.   Мемлекеттік тіл – зерделі қазақтың кеудесінен ешуақытта шықпайтын, күн тәртібінен түспейтін мәңгілік тақырып. Халқымыз үшін басты мәселе ұлты, ұлтының тілі, мәдениеті, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтары. Тіл – біздің ең қымбат қазынамыз. Біздің тіл – әйгілі би-шешендеріміз, атақты Жамбыл, Абай, Мұхтар, Ілияс сынды данагөйлеріміз сөйлеген тіл. Туған тілімізді жете білу арқылы өнер-білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жете аламыз.

   Көрмеге қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының еңбектері, ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері, ғылыми жинағы, қазақ классиктерінің шығармалары ұсынылып және 1929-1940 ж.ж. аралығында жарияланған латын тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар, латын әліпбиі жайындағы газет-журналдарға шыққан жинақтар және түрлі анықтамалық әдебиеттер, тілді өз бетінше үйренушілерге арналған «Қазақша сөйлейміз», «Қазақ тілі» кітаптары, түсіндірме сөздіктер, өзге ұлт өкілдеріне арналған оқу құралдары  көпшілікке  ұсынылды.

   Екі бөлімнен тұратын көрмеге  200-ге жуық әдебиет пен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар мен  фото-   суреттер  қойылды.  




 

06 қыркүйек 2019 ж. 12:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x