KITAPKHANA.KZ
kz ru

Дүр атанған дарабоз дарын

    18 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, сыр сүлейі  Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 160 жыл толуына арналған жыр кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - жастарға сыр сүлейі, жыр дүлдүлі Оңғар Дырқайұлының өмірі мен шығармашылығын жақын таныстыру, өңіріміздегі жыршылық дәстүрді жалғастырушы жыраулар есімін ұлықтап, мәдени мұрамызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

    Сыр бойындағы сүлей атанған жүйріктер шоғырының көрнекті өкілі - Оңғар жырау Дырқайұлы болатын. Жырау жайында әр түрлі дерек бар. Соларды бір-бірімен салыстырып, оның өмірі мен тұрмыс жағдайындағы мәліметтерге сүйенсек, бар жоғы 43 жылдық қысқа ғұмыры болғанымен ақын артына өшпес мол рухани мұра қалдырған. Дүр Оңғардың толғаулары, тойбастар, арнау өлеңдері, көңіл - қостары, жұбатулары, жұмбақтары, бірқақпайлары,   айтыстары,  оқиғалы  тарихи  жырлары  - оның ақындық поэзиясындағы ақындық даралығын көрсетеді. Өзі өмірден ерте кетсе де шығармалары ел ішінде әлі күнге дейін айтылып келеді. 

   Кеш барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Дәстүрлі өнер» кафедрасының 4-курс студенттері Дәулетханұлы Ізбасқан және Бүркітбай Ақсұңқар қатысып,  өңірімізге белгілі жыраулардың шығармаларын орындады. Қаламыздағы Өркениет медициналық колледж студенттеріне Дүр Оңғар Дырқайұлының өмірі мен шығармалары жақын таныстырылды.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында ұйымдастырылған жыр кешіне арналып сыр сүлейлерінің өмірі мен шығармалары жайында кең мәлімет беретін «Ұлан даланың ұлы қазынасы» атты кітап көрмесі дайындалды.





 
18 қыркүйек 2019 ж. 17:01
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x