17 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Туған жер-тұнған шежіре» атты эруди т-шоу өткізілді.
Шараның мақсаты - Сыр өңірінің тарихи мұраларын насихаттау, көне құндылықтар арқылы адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, тарихты білу парыз екендігін айқындау.
Сырдың бойында өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей болған, тарихи-мәдени орындар жайында айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре қаншама.
Шараға №2 «Мұрагер» мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Сыр өңірінің ежелгі жәдігерлері мен елге қорған, пана болған ұлы тұлғаларына арналған танымдық сұрақтарға жауап берді. Туған жерге арналған мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, логикалық сөзжұмбақтар шешті. «Сараман-Қоса» күмбезі жайындағы қызықты аңыз-әңгімені тыңдады.
Шара аясында «Туған жер-тұнған шежіре» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.