21 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жергілікті ақын Әнес Нарымбетовтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Қаламымен қуанышты сыйлаған» атты әдеби байқау ұйымдастырылды.
Байқауға балалар әдебиеті бөлімі жанынан құрылған «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының мүшелері қатысып, ақынның адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған жерді сүюге тәрбиелейтін, балдәурен балалық шақты жыр еткен, өлеңдерімен қатар еркін тақырыпта жазған өздерінің шығармаларын жатқа оқыды.
Байқау қортындысы бойынша бірінші орынға Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп – лицейдің 6 «Д» сынып оқушысы Мәдениет Асхат лайық деп танылса, екінші орынды М. Шоқай атындағы №187 ІТ-мектеп лицейдің 6 «Б»сынып оқушысы Төлеп Жансая, ал үшінші орынды І.Қабылов атындағы №12 IT-лицейінің 9 «Б» сынып оқушысы Таменова Дана, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 7 «В» сынып оқушысы Көпжасарова Ақбота иеленді. Сонымен қатар белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Өлеңімен өрілген өмір» атты кітап көрмесімен танысты.