10 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында туған жері мен Отанының тарихын, шежіресін зерделеп әлем сахнасына лайықты туындыларды өмірге әкелген қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі, драматург-классик, жазушы-публицист, театр сыншысы Қалтай Мұхамеджановтың шығармаларын насихаттау мақсатында — «Ұмытпаңдар мені» атты деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Фильмнің көрсетілімінен кейін оқырмандар жазушының жеке кітапханасымен танысты.