Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 15 қантар күні еріктілер қозғалысының белсенді бейнесін, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ұстанымын қалыптастыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында «Еріктілер» жылына орай Қызылорда қаласындағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығында «Кітапхана еріктілері» библиодесанты шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында «еріктілер» қозғалысының эмблемасы мен ашық сары футболкалар киген кітапхана еріктілері Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, Беймбет Майлиннің « Шұғаның белгісі» повесін жарнамалады.
Шара соңында орталық тәрбиеленушілері «Жақсылық талына» өздерінің тілектерін жазып қалдырды. Кітапхана еріктілері кітап оқуға шақыратын бетбелгілерді және ең көп оқылған кітаптардың тізім жарнамалық парақшаларды таратты.