Балаларға қуаныш сыйлаймыз

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 24 қаңтар күні балаларды кітапханаға тарту және мейірімділік, ізгілік, жанашырлық,  қуаныш сыйлау  мақсатында «Балаларға қуаныш сыйлаймыз» атты  мерекелік  шара ұйымдастырылды.

      Шара барысында «Қамқорлық» дағдарыс орталығы, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне оқушылар мен жасөспірімдер үйінің «Асыл мұра» тобы, №172 қазақ орта мектеп, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей, №7 мектеп-лицей оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

      Бұл мерекеде баланың жайдарлы күлкісі, қызықты билер, қөнілді әндер  ешкімді бей – жай қалдырмады. Мереке тартымды да қызықты өтіп, балаларға  көңіл-күй  сыйлады.







 
24 қаңтар 2020 ж. 19:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: