KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы»

    2020 жылдың  12 ақпан күні кітапханада «Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы»  тақырыбында сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды. Ең көне,  әрі ең құнды жәдігер -1293 һижра жылы жарық көрген қасиетті «Құран» кітабы.

    1303 һижра жылы шыққан Қазы Фаткуллмад, Қазы Абдулкарим, Шархуакия Халидің «Діни философиялық түсіндірме сөздігінің 1-томдығы, 1306 жылы ескі түркі тіліндегі «Имам Азам Бәтуа кітабы», 1307 жылы шыққан араб тіліндегі «Намаздың келу тарихы: намаз тәртіптері» кітабы, 1850 жылы түрік тілінде шыққан «Хуләсә Людфия» пайғамбарлар туралы өлең насихат кітабы, 1860 жылы шыққан «Аталы Әл-Азхар» даналық сөздер кітабы, 1824 жылы парсы тілінде шыққан «Жүсіп-Зылиха», т.б. жазба мұралары қойылды.

    Жәдігерлердің ішінде араб графикасымен басылған қазақ кітаптарының ішінде  репрессия құрбандары Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары, Абай Құнанбаевтың латын харпімен жазылған «Толық жинағы»1,2-ші томдығы (1933-1940жж.), қазақ тіліндегі «Шығармалар жинағы»(1948), орыс тіліндегі Абай Кунанбаев «Избранное» (1951-1958гг.), Абай «Стихотворения. Поэмы. Проза» (1954г.), «Избранные стихи»(1936г.), «Абай» (критико-биографический очерк, стихи и библиография к 95–летию со дня рождения поэта) кітаптары бар.

    Қазіргі таңда кітапхананың сирек кітаптар қоры 600-ден астам құжаттардан тұрады. Мұнда қазақ кітаптарының топтамасы, Қазақстан жайлы еңбектер, Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары, шығыс баспа кітаптары, орыс кітаптары, Европаның көне баспа кітаптары және кітаптардың электрондық көшірмелері сақталған. Көрмеге сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан 130-дан аса құнды жәдігерлер қойылды.



 
12 ақпан 2020 ж. 19:40
0 қарау
Пікір
1
Мадина 21 ақпан 2022 22:39
Мне срочно надо эссе
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x