11 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында « Кітаппен бірге өсеміз» жоба аясында балаларды ерте жастан кітап оқуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ақыл-ой және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында «Бегім ана» балабақшасының «Қуаныш» тобының тәрбиеленушілеріне «Бәрін білгім келеді» ойын-викторина өткізілді.
Шарада балалар кітапхана туралы, кітап оқудың пайдасы жайлы қызықты және тартымды әңгіме тыңдап, жаңа әдебиеттермен танысып, төрт кезеңнен құрылған ойын – викторинаға қатысты. Атап айтқанда: «Сиқырлы үй – кітапхана»,« Кім ақылды, кім зерек?», «Жануарлар әлемі», «Ертегіні айтып бер». Ойын барысында бүлдіршіндер кітап жайлы жұмақтар шешіп, өлең оқып, жануарлар туралы мәлімет алып, дүниетанымын кеңейтетін, ақыл- ойын дамытатын дидактикалық ойындарға қатысты. Шара соңыңда кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.