27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеяның 25 жылдығына арналған «Ассамблея - ұлттардың ұйытқысы» атты мерекелік кеш өткізілді.
Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы - келісім мен ізгіліктің символына айналғанына жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шарада №12 І.Қабылов атындағы IT- мектеп-лицейінің, Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы № 140 орта мектептің, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің , №4 С.Сейфуллин атындағы It мектеп - лицейінің, «Alif» көпсалалы оқу орталығының оқушылары қатысты.
Шараға қатысқан балалар М. Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасынан қойылым қойып, мерекеге арнап өлеңдер оқып, Қазақстан халықтарының тілдерінде әндер мен мың бұралған билер орындады.