«Қазақ жырының Қадыры»

   ХХ ғасырдың санаулы саңылақтарының бірі, халқымыздың сүйікті ақыны, жазушысы, публицисті, сыншысы, драматургі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі Қадыр Мырзалиев.

   Қадыр Мырза Әлі - ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы-тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп бітіммен біте қайнасып, ұлылығын, рухын ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінін мінін, қайғысын, сорын адамзаттық тұрғыда қазып айта алған шыншыл да ойшыл ақын Ұлы ақын!

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар секторының ұйымдастырумен Қадыр Мырзалиевтың 80 жылдығына орай «Қазақ жырының Қадыры» атты поэзия кеші болып өтті. Кешке келген қонағымыз «Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің» «қазақ тілі және әдебиет» пәні оқытушысы Мырзағалиева Рая Бодыковна - сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интеллектуалдық қарымы кең, сөз патшалығының феномені атанған ақының өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндама оқыды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Мамыраева Әлия ақын ағамызға арналған арнауын көрермен жұртшылықтың назарына ұсынды.

Кеште колледж студенттері ақын өлеңдерінен үзінді оқып, өз өнерлерін көрсетті.

«Қазақ жырының Қадыры»

«Қазақ жырының Қадыры»

«Қазақ жырының Қадыры»

«Қазақ жырының Қадыры»


 


 


29 қаңтар 2015 ж. 16:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: