Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.
Осыған байланысты 2020 жылдың 10 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну
Қөрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған басылым беттеріңдегі материалдар, заңдар ҚР жәңе әдебиеттер қойылды.