29 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Баланың дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған виртуалды кітап көрмесіне 70-ге жуық әдебиеттер қойылды.
Жас оқырмандар әлемдік және қазақ балалар әдебиетінің ең үздік шығармаларымен, сондай-ақ 100 мыңға жуық балалардың «Неге?» деген сұрағына жауап алатын, әсем безендірілген балалар энциклопедиясымен, ертегілер әлемімен танысты.