«Спорт – жан серігі» виртуалды кітап көрмесі12 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жас ұрпақты салауатты өмір салтына және дене мәдениетіне қалыптастыру мақсатында «Спорт – жан серігі» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқырманды отандық спорттың тарихы, даму белестері және қазақ спортының тәуелсіздік кезеңнен бергі қол жеткен табыстары мен жас ұрпаққа үлгі – өнеге болатын, тау тұлғаларымыздың өмірлері туралы, өскелен ұрпақтың денсаулығын шындап олардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыратын кітаптар қойылды. |