2020 жылдың 27 қараша күні Достық үйінде Тұңғыш президент күніне орай Қызылорда халқы Ассамблеясы және Рухани жаңғыру орталығының ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: Тарих. Бүгін. Болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы конференция аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Елбасы және Сыр елі» атты Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке кітаптарынан тарихи-деректі көрме жасады. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың егемен елімізді құру, қалыптастыру мен дамыту жолындағы тарихи ролін айшықтайтын, бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі айтулы идеялары туралы кітаптар қойылды. Атап айтсақ, Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында»(1999), «Әділеттің ақ жолы», «Жүз жылға татитын он жыл»(2001) «Еуразия жүрегінде»(2005), «Бейбітшілік кіндігі»(2020), «Ғасырлар тоғысында», «Елмен сырласу»(2012-2013), «Жылдар мен ойлар»(2013), «Қазақстан жолы»(2020), «Ақыл - парасат кітабы» (2015), «C- CLOBAL – XXI ғасыр әлемі»(2013), «Темірқазық»(2012), «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы»(2014), «Таңдамалы сөздер»(2014,1-7 томдар), «Ғасырлар тоғысында»(2020), «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар»(2014), «Фотосуреттер»(2010), «Ұлы дала ұлағаттары: Ойлар, толғаныстар»(2016) , тағы басқа кітаптары қойылды.