2021 жылдың 24 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында рухани-адамгершілік қасиеттерді, адами қарым-қатынасты қалыптастыру мен қатар, көпұлтты Қазақстан жеріндегі ынтымақ пен достықты нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы мен «Интеркультурализм қағидатын» іске асыруға арналған «Халықтар достығы ынтымақта» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға Қызылорда облыстық «Вайнах» шешен-әлеуметтік –мәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің мүшесі мен қатар, татар, корей диаспорасының өкілдері, кітапхана қызметкерлері белсене қатысты.