Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Аман жүрші, қарттарым» атты онлайн мерекелік кеш ұйымдастырды. Шараның мақсаты - оқырмандардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, қарттарымызды құрметтеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет ете білетін инабатты ұрпақ тәрбиелеу. Шара барысында қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән берілгені, жан-жақты қамқорлық жасалып жатқаны туралы айтылды және кітапхана оқырмандары қарттарға арналған өлең шумақтарын тарту етті.