5 қазан күні Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург, көрнекті қоғам қайраткері Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығы мен өнегелі өмірін, артында қалған мол әдеби мұрасын насихаттау мақсатында «Сирек дарын иесі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне жазушының өмір жолы мен әдебиетке аяқ басқан алғашқы қадамдары туралы достары мен қаламдастарының естеліктері, жазушының шығармалары, пьесалары, сыни мақалалары, зерттеулері, очерктері, сұхбаттарынан тұратын материалдар жинақталған. Сонымен қатар көрмеге жазушының қолжазбалары мен кітапханасындағы әр жылдары жинаған ескі баға жетпес құнды кітаптары қойылды.
Кітап көрмесінде оқырмандар назарына драматург-жазушыға Ел басынан бастап белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың өз шығармаларын ізгі тілектерге толы қолтаңбаларымен сыйлаған кітаптары ұсынылды. Кітап көрмесіне 82 кітап, 26 мерзімді басылымдардан мақалалар қойылды.