«Діни экстремизм мен терроризм – қоғам дерті» атты кітап көрмесіҚазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Осы орайда, 12 қазан күні діни алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік әрекеттерді болдырмауға және терроризмнің таралуын алдын-алу мақсатында «Діни экстремизм мен терроризм – қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне діни экстремизм мен терроризмнің өрістеу проблемалары және еліміздегі діни терроризмге түсіндірме беретін кітапхана қорындағы кітаптар мен қатар, олармен қалай күресу керектігі туралы мәлімет берілген мерзімдік баспа материалдары да ұсынылды. Аталмыш шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысты. |