KITAPKHANA.KZ
kz ru

Ұлы Женістің 76 жылдық мерейтойына орай «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі

      Бүгін кітапханада «Ер есімі – ел есінде» атты Ұлы Женістің 76 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Көрменің мақсаты: Шайқас кезінде қаза тапқан, майданнан аман-есен елге оралып, халқына адал қызмет еткен ардагерлерімізді қадірлеу арқылы жас ұрпақ санасына елін, азаматын ардақтауды, сыйлауды үйрету. Мейірімділік пен ізеттілік, еңбекқорлық пен адалдық белгілерін ұштай түсу. Көрмеге  Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының қаһармандықтарын баяндайтын кітапхана қорында сақталған басылымдар, Ұлы Отан соғысының отты жылдарына ардагерлердің өздері куә болып жазған кітаптары екі тілде қойылды. Сонымен қатар көрме «Ұлы Жеңістің тарихы», «Отты жылдар жаңғырығы», «Халықтың батырлары», «Майданнан келген хаттар» бөлімдерінен құралды.

   9-мамыр 1945 жыл адамзат тарихында мәңгілікке жазылған Ұлы Күн. Бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлерімізді құрметтеу. Көрмеге Қ.Аманжоловтың «Шайқаста шыңдалған достық», Т.Балақаевтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде», Е.Олонның «Жеңіс жолында от кешкендер», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Правда о войне», «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары», «Аты аңызға айналған адам», Ә.Нұршайықовтың «Боздақтар», М.Дінішевтің «Сталинградты қорғаған қазақтар», Г.А.Куманаевтың «1945-1945 краткая история, документы, фотографии» тағы басқа 100 - ден аса кітаптар мен фото-суреттер қойылды. Пайдаланушылардың назарын аударған «Елін сүйген ел нұрлы» кітабы Ұлы Отан соғысына қатысқан қызылордалықтардың ерлігі жайлы, ал М.Дінішевтің «Сталинградты қорғаған қазақтар», ұлттар мен халықтардың қаһарлы соғыс жылдарындағы достығы туралы.






 
09 мамыр 2021 ж. 13:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x