«Наурыз дәстүрлері» атты кітап көрмесі

         10 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана фойесінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының қарсаңында «Наурыз дәстүрлері» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрменің мақсаты - наурыздың шығу тарихы мен маңыздылығы, халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары туралы кеңінен ақпарат беру,  ұлттар мен ұлыстардың достастығын насихаттау, қазақ халқының  мәдениетімен таныстырып, құрметтеуге үйрету.

         Кітап көрмесі атаулы мерекенің шығу тарихын, маңыздылығын көрсететін әдебиеттерден басталады. Көктемгі көрісуден бастау алған амал мерекесі, ұлтымыздың  салт-дәстүрлері туралы және ақ бата кітаптары көптеп қойылған. «Қазақ халқының қолөнері» атты бөлімде оқырмандар назарына халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлері, ұлттық қолөнеріміз бен киім кию әдебіндегі ерекшеліктер туралы әдебиеттер ұсынылған. «Қазақтың халқының ұлттық тағамдары» атты бөлімде қазақтың ұлттық тағам түрлері, наурыз көженің дайындалу тәсілдері жинақталған әдебиеттер орын алған. Соңғы бөлімге әлем елдерінің наурыз мерекесін тойлауы жайында қызықты мәліметтер қойылды.

         Көрмеге жалпы саны  50 кітап, 10 мерзімді басылым беттері қойылды.



 
10 наурыз 2021 ж. 18:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: