И.Таймановтың туғанына 230 жыл толуына орай «Ел теңдігін аңсаған Исатай» атты шара

        14 сәуір күні «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Бөкей ордасы  ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ел теңдігін аңсаған Исатай» атты шара өткізілді.

       Шараға Қорқыт ата атындағы университеттің тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Шырынкүл Тухмарова, облыстық «Қызылорда» телеарнасының журналисі Шолпан Исабекова, жыршы Серік Жақсығұлов қатысты.

       Шара барысында көтеріліс басшысы Исатай Таймановтың асқан қайсарлығы  туралы Х.Досмұхамедовтың және орыс журналисі Н.Савичивтің айтқан тың деректері оқырман назарына ұсынылды және Махамбет шығармаларынан бірнеше жыр орындалды.

       Шара мақсаты – өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыра отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.




 
14 сәуір 2021 ж. 16:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: