«Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі

     18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар  күніне арналған  «Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты - Қазақтың кең байтақ даласындағы әртүрлі деңгейдегі мәдени және тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау баршамыздың борышымыз екендігін түсіндіру.  Көрмеге Жарылқап Бейсенбайұлының «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері», Сартқожа Қаржаубайдың «Орхон мұралары: Тарихи-танымдық этнографиялық әдебиет», Әбілхан Әбіласановтің «Сығанақ» кітабы, Ералы Шоқай, Сәбит Пәрменқұлдың «Отырар алқабындағы қасиетті орындар», Бақытжан Ахметбектің «Сыр ескерткіштері»,  «Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы», Тәңірберген Мәмиевтің «Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштері», Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы»  атты кітаптары  көпшілік назарына ұсынылды.




 
 
18 сәуір 2021 ж. 18:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: