Қатира Сыздыққызы Жәленованың 70 жасқа толуына орай арналған «Өмірі өлеңмен өрнектелген» атты кітап көрмесі22 сәуір күні Қасиетті Сыр ананың топырағы мен толқынынан нәр алып, өлең атты өрен тұлпардың тізгінін тартқан ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қатира Сыздыққызы Жәленованың 70 жасқа толуына орай, «Өмірі өлеңмен өрнектелген» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: оқырмандарға көрнекті қаламгер, ақын Қ.Жәленованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге кітапхана қорында жинақталған әдебиетер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған фото-материалдар қойылды. Онда Қатира Жәленованың өмір жолы, еңбекке араласқан жылдары, қоғамдық қызметі қамтылған. Атап айтсақ: тұңғыш жинағы – «Кел, махаббат», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер», «Сырдан ұшқан қарлығаш» секілді еңбектері және орыс тілінде басылып шыққан «Разбег» атты ұжымдық жинағы. |