«Ұлттық мұра - ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі13 сәуір күні «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Ұлттық мұра - ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары әдет-ғұрыптарды оқырмандардың бойына сіңіру. Ұлттық тағамдарымыздың ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Көрмеге Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары». «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері». Әлижан Тауұлының «Қазақ салт-дәстүрлері». Наурызбай Ақбайдың «Қазақтың дәстүрлі атаулары». Энциклопедиялық сөздігі. Бегманов Қасымханның «Халқы мықтының–салты мықты». Халел Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері». Айып Нүсіпоқасұлы,Әкімбай Жапарұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін». Зейнелхан Мұхамеджанұлының «Қазақтың кесте өнері». Санжар Керімбай, Болат Бопайұлының «Салт-дәстүр сөйлейді. Отбасы хрестоматиясы». Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың дарқан дастарқаны» атты кітаптары көпшілік назарына ұсынылды. |