«Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрмесі3 ақпан күні «Балалар әдебиеті жылы» аясында «Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Мақсаты: балалар әдебиетін насихаттау және бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Шараға жергілікті балалар ақыны Р.Наурызбаева мен О.Қосанов және кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Шара барысында «Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, қазіргі балалар әдебиетіне байланысты өзекті мәселелерге тоқталды. Оқырмандар жергілікті балалар ақындарының өлеңдерін мәнерліп жатқа оқыды. |