KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қазақ даласының батыры» атты кітап кормесі

      23 ақпан күні қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған, дүние жүзілік спорт аренасына шығып, шетелдегі жарыстарда атақ даңққа ие болған тұңғыш қазақ балуаны  Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жыл толуына орай «Қазақ даласының батыры» атты кітап кормесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқанды насихаттау арқылы салауатты өмір салтын ұстануға, қазақша күреске, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға, өз Отанын қорғау мен адал қызмет етуге, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін оятуға шақырады. Көрмеге балуан туралы  мерзімді басылымдар беттерінде  жарияланған материалдар мен Қалмақан Әбдіқадыров пен  Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан», «Күш атасы» естеліктері, Қалиәкпар Әміржанов «Қажымұқан и известные личности Казахстана» және  т.б әдебиеттер қойылды.




 
23 ақпан 2021 ж. 13:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x