«Қожа Ахмет Иассауи әлемі» атты кітап көрмесі

     30 қаңтар күні «Түркі әлемінің генезисі» жобасы аясында «Қожа Ахмет Иассауи әлемі» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Иассауидің бай мұрасын оқырмандарға насихаттау. Кітап көрмесіне шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы Ә.Дербісәлиевтың «Қазақ даласының жұлдыздары», Отбасы хрестоматиясы аясында жарық көрген «Яссауи феномені», «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. ІХ-ХІХ ғғ. Ғұламалар тағылымы», «Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы, «Қожа Ахмет Иассауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр», А. Жұмақанұлының «Қожахмет Яссауидің хикметтері мен әндері» атты әдебиеттері мен мерзімді басылымдар беттеріне жарық көрген мақалалар қойылып, көпшілік назарына кеңінен таныстырылды.




 
30 қаңтар 2021 ж. 13:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: