«Күй қағаны атанған Рысбай Ғабдиев» онлайн шолу

    16 ақпан күні домбырашы, дирижер, Қазақстанның халық артисі Рысбай Хисметұлы Ғабдиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған «Күй қағаны атанған Рысбай Ғабдиев» атты онлайн шолу өткізілді.

    Шараның мақсаты – көпшілік қауымға төкпе күйдің дүлдүлдерін түлеткен аға буын күйшілердің бірі де бірегейі Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, дирижер, дәулескер күйші, профессор Рысбай Ғабдиевтің қазақ өнеріндегі өзіндік қолтаңбасы мен үлесін көрсету.

    Ғабдиев 14 жасында қолына домбыра алып, жеті жасында жұртшылық алдына шыққан. Түркияның Анталия қаласында өткен дүниежүзілік өнер фестивалінің, Алматыда өткен "Құрманғазы және ұлы дала музыкасы" халықаралық фестивалінің бас жүлделерін жеңіп алған.

    Шолу барысында көпшілік қауымға  Рысбай Ғабдиевтің Алматы музыка училищесін, Шымкент өнер институтын бітіргендігі, Қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, қонцертмейстері, Атырау музыкалық  училищесінде оқытушы, Доссор музыка мектебінің директоры, Атырау педагогикалық  институтының музыка-педагогика факультетінің деканы қызметтерін атқарғандығы жайында толық мәліметтер берілді.



 
16 ақпан 2021 ж. 16:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: