«Қазақтың Қыз Жібегі» атты кино-кітап көрмесі

      8 ақпан  күні кино және театр актрисасы,  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың 70 жасқа  толуына орай «Қазақтың Қыз Жібегі» атты кино-кітап көрмесі дайындалды. Көрменің мақсаты – жастарға қазақ киносының даму тарихын көрсету, ұлт артистерін жақын таныстыру.

      Сұлулық пен іңкәрліктің, адалдық пен парасаттылықтың символы болған «Қыз Жібек» фильмі 1970 жылы  экранға шықты. 172 мемлекетте көрсетілген.  Қазіргі таңда фильм қазақ киносының алтын қорына енген. Ал Меруерт Өтекешованың сұлулығына тәнті болған халық әрдайым оны «Қыз Жібек» деп таниды. Ол 1970 жылдан бастап бүгінге дейін көптеген рөлдерді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

     Кітап көрмесіне Меруерт Өтекешованың өмірі мен  сомдаған рольдері, Қыз Жібек роліндегі суреттер, естеліктер, замандастарының лебіздері жазылған анықтамалықтар, кітаптар, мерзімді басылымдар қойылды.




 
08 ақпан 2021 ж. 17:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: