Күйтабақтардың екінші тынысы. Алла Пугачева

     22 ақпан күні қордағы күйтабақтар қорын  көпшілікке таныстыру мақсатында  ұйымдастырылған  онлайн  шарада  Кеңес Одағының және Ресей  эстрадасының  әншісі, продюсер, сазгер, КСРО  халық әртісі Алла Борисовна  Пугачеваның  шығармашылығы  таныстырылды.

    Алла  Пугачева  алғаш  рет  кәсіби  сахнаға 16 жасында шыққан. Тұңғыш «Робот»  әні  1965  жылы  “С добрым утром!”  радиобағдарламасында  орындалды. Он жылдан кейін, яғни 1975 жылы  Болгарияда өткен “Алтын орфей” эстрада әндерінің   халықаралық  байқауында  «Арлекино» әнін айтып,  бас  жүлдені   иеленді. Оның репертуарында орыс, ағылшын, неміс, француз, иврит, фин, украин тілдеріндегі 500-ден астам ән болса, ал дискографиясында жеке орындауындағы әндер жазылған 100-ден аса күйтабақ пен дискілер бар екен. Дискілердің жалпы таралымы 250 миллион данадан асады.

    Онлайн таныстыру барысында көпшілікке әншінің өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер таныстырылып, соңынан «Алтын орфей» халықаралық байқауда бас жүлдені иеленген  әйгілі «Арлекино» әні ұсынылды.




 
23 ақпан 2021 ж. 17:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: