«Сырға толы сырлы ақын» атты кітап көрмесі

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында 3 ақпан күні ақын, жазушы, драматург Әбділда Тәжібаевқа арналған «Сырға толы сырлы ақын» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Сыр бойының аяулы азаматы, әдебиет танушы, филолог, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаев артына өшпестей үлкен мұра қалдырды. Ол қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған ірі тұлға.

   Кітап көрмесіне қаламгердің «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай»,  «Жалғыз ағаш орман емес» атты өлеңдер жинақтары,  «Жүректілер» атты пьесалар жинағы, «Өлең мен поэзия», «Қазақ драмасының туылуы және қалыптасуы»  атты мақалалар жинағы, «Жылдар мен ойлар», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» атты сын, эссе, прозалық еңбектері қойылып, оқырман назарына ұсынылды. Кітап көрмесінің мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.




 
03 ақпан 2021 ж. 13:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: