«Тарих толқынында» кітабына шолу

     2021 жылы 29 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымымен бірлесе отырып, «Кітап бізді өзгертеді» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабына шолу жасады.

     Шараға кітап оқырмандары мен «Кітап құрттары» ерікті жастар

 ұйымының жетекшісі, көшбасшы  жастардың бірі -  Т.Меңдібай және бір топ кітап сүйер жастар қатысты. Кітапхана басшысы Н.Мыңжас жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруда кітаптың маңыздылығын атап көрсетті.

    Қатысушылар еліміздің аумағында ертеден бері орын  алған тарихи оқиғаларға баға беріп, кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық», «Алаш мұрасы және осы заман», «Ұлттық бірегейлік» бөлімдеріне жеке тоқталды.

   Шараның мақсаты – оқырмандар бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, туған жерді аялауға, ұлт болмысын қадірлеуге, оқу мәдениетін қалыптастыруға ұйтқы болу.




 
29 қаңтар 2021 ж. 16:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: