KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жанары да, жаны да толған сыр еді...» атты кітап көрмесі

    Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Асқар Кіребайұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Жанары да, жаны да толған сыр еді...» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Кітап көрмесінің мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Көрмеге ақынның өлеңдер топтамасы енген «Көктем тынысы», «Жыр маржаны», «Жүректегі жауһарлар» атты бірнеше жинақтар, прозалық шығармалары «Сыр өңірінің қара шаңырағы», «Өркенді өнер», «Арманым. Әнім. Іңкәрім», балаларға арналған «Алғашқы бәйге», «Тұсау кесер» және «Сейхундария», «Іңкәрдария» атты туындыларымен қатар, әріптестері Әскербек Рақымбекұлының «Жаз көңілді жан еді», «Бекзат болмысты ақын», Серік Бертаевтың «Артында өлмейтұғын сөз қалдырып...», Қалжан Өтегенқызының «Дара ақын», Ғазиза Әбілданың «Тау тұлғалы ақын», Мұқтар Сақтаповтың «Өте көпшіл, бауырмал болатын» тақырыбында әр жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген естелік мақалалары қойылды.




 
11 ақпан 2021 ж. 18:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x