«Адырбек» және «Борыш» жинақтарының тұсаукесері

    Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Ысқақ Жанкелді Ойшыұлының балалар ақыны, өлкетанушы Адырбек Сопыбековтің өмірлік жолы,шығармашылығы жайлы, және Жаңақорған ауданынан «Ауған соғысына» қатысқан интернационалист-жауынгерлер жайлы жазылған «Адырбек» және «Борыш» атты жинақтардың тұсаукесері өтті.

   Кешті кітапхана басшысы Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері және тарихшы ғалымдар қатысты. Кеш соңында қонақтарға «Ақын аманаты және жауынгерлік рух» атты кітап көрмесі кеңінен таныстырылды.

   Көрме 4 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда: «Сырдың сырлы ақыны», «Өлеңі оның өмірі», «Ауғаннан от жалын», «Ауған. Сөнген шоқ, Өшкен арман...»




 
05 ақпан 2021 ж. 19:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: