«Жемқорлық – індет, жою міндет» атты пікір-таласСыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 10 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеап ғылыми кітапханасында «Жемқорлық – індет, жою міндет» атты пікір-талас ұйымдастырылды. Кітапхана басшысы Н.Мыңжас кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып келе жатқандығын атап көрсетті. Шараға қатысушылар: ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Болат Айнұр, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ерубай Асхат, Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Шақзада Рүстем сыбайлас жемқорлық - Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі екендігін, оның еліміздің экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарату процесін баяулататынын, мемлекетіміздің саяси және қоғамдық өміріне кері әсер ететінін баса айтты. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан атқарылып жатырған іс-шараларға тоқталып өтті. Пікір-талас барысында жастар тақырыпқа байланысты өз ойларын ашық ортаға салды. |