«Ұлттық теңге – тәуелсіздік тұмары» атты танымдық-топтық сайысҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енген күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады. Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі бірлесіп 2021 жылдың 15 қарашасында «Ұлттық теңге – тәуелсіздік тұмары» тақырыбында танымдық-топтық сайыс ұйымдастырды. Шараның мақсаты: оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ажырамас атрибуты ретінде теңгенің тарихы, өзгеруі мен түрленуі жайында және ұлттық ақша айналымы туралы білімін кеңейту. Шараға «Болашақ» Университеті жоғары колледжінің білім алушылары, «Ұлағат Қызылорда», М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, «Қызылорда қызмет көрсету және сервис», «ОRDA» колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда жастарға валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, тарихы, қолданыстағы маңызы сынды ақпарат айтылды. |