«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК» атты кітап көрмесі2021 жылдың 29 қараша күні «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған 1 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК» тақырыбында кітап көрмесін жасады. Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту, тәуелсіздігімізді паш ету. Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың егемен елімізді құру, қалыптастыру және дамыту жолындағы тарихи ролін айшықтайтын, бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жасампаз идеялары мен жаңа астанамыздың тәуелсіздіктің символы ретінде өркендеуі мен жарқын сәттерін баяндайтын 100-ге жуық кітаптары мен фотосуреттері қойылды. |