«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты танымдық кешОтанды қастерлеуге, туған еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты танымдық кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас құттықтау сөзімен ашып, Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын атап көрсетті. Салтанатты іс-шараға экономика ғылымдарының кандидаты, оқытушы Қ.Құдайбергенов, қалалық мәслихат депутаты А.Мусабаева, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, Ғ.Әбілдә, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Т.Қабылша, «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымының жетекшісі Т.Меңдібай, облыстық «Жастар» ресурстар орталығы» директорының орынбасары, ақын М.Дауылбай қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылған шарада тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы жөнінде айтылды және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері мен даму жолдары, саяси бағытының дәйектілігі аталып өтті. Шара барысында оқырмандар назарына документалды бейнебаян көрсетіліп, «Азаттықтың ақ таңы» атты кітап көрмесі ұсынылды. |