«Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесі

   2021 жылдың 6 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған  сыныптары бар мектебінің тарих және құқық әдістемелік бірлестігінің 16 желтоқсан ҚР-ның тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - ел тірегі - білімді ұрпақ ел ертеңі» атты 10 күндігіне арналған іс шараға «Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.  

  Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, осы жолда тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегін таныту, өскелең ұрпаққа тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттау. «Қазақ мемлекетінің дамуы: Дәуір. Оқиғалар. Тұлғалар», «Тәуелсіздік — Мәңгілік Елдің тұғыры», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» бөлімдерінен топтасқан кітап көрмесіне халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктері, егемен елімізді құру, қалыптастыру және дамыту жолындағы елбасының  кітаптары мен жаңа Астанамыздың өркендеуі мен жарқын сәттерін баяндайтын 130 - ға жуық әдебиеттер қойылды.   

    Көрме жанында мектеп оқушылары тәуелсіздік туралы тақпақтарды жатқа айтты.  






 
06 желтоксан 2021 ж. 18:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: