Аяз салған оюлар Арт-студия оқушыларына шеберлік сабағы21 қаңтар күні Арт-студия оқушыларына арналған «Аяз салған оюлар» тақырыбына шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты - үш түрлі түс қана қолдана отырып, табиғат кереметі - әйнекке салынған суретті қайталау. Сабақ барысында оқушылар өз қиялындағы оюларды барынша шынайы, табиғи етіп суреттеуге тырысты. Студия жетекшісімен салған жұмыстары кішкентай суретшілерге ерекше шабыт сыйлады. |