«Еңбек ерлерінің өнегесі» атты кітап көрмесіӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 24 қаңтар күні күріш өсіруші, Социалистік Еңбек Ері Әли Еламановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Еңбек ерлерінің өнегесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты-жалпы егін шаруашылығы, күріш шаруашылығы туралы көптеген авторлардың еңбектерін, диқан, белгілі күріш өсіруші Әли Еламановтың еңбегін оқырмандарға кеңінен насихаттау. Көрмеге Келіс Нұрмашұлы Жайлыбайдың «Күріш» атты монографиясы, Марат Мықтыбай Жанзақовтың «Егіншілік» оқулығында егіншілік заңдары, Абылай Хангерейұлы Айдосовтың «Дала академигі Ыбырай Жақаев және оның ізбасарлары» атты еңбегі және баспа беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды. |
Гости12
Роботы26
Список пользователей
Айнура Джаулбаева
Был(a) в сети 8 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 18 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ