«Сырдың сыршыл перзенті» атты апталықтың ашылу салтанаты1 ақпан күні көрнекті ақын, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық жазушысы Ә.Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Тәжібаев оқулары» аясында «Сырдың сыршыл перзенті» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Шараны кітапхана басшысы Н.Мыңжас ашып, ақынның көзі тірісінде-ақ үлкен де, кіші де мойындаған классик, қазақша ұғымға салсақ, әдебиетіміздің абызы екендігін атап көрсетті. Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Қ. Жәленова, өнертану ғылымының кандидаты, ғалым-ұстаз Г.Ысқақова, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ғ.Әбілдә қатысты. Шара барысында ақын Қатира Жәленова әдебиетіміздің абызы атанған Ә.Тәжібаев туралы өз естеліктерімен бөлісті, ал ақынның тәрбиесінде болған ғалым-ұстаз, күйші Гүлнәр Ысқақова мен ақын Ғазиза Әбділдә ақын жайындағы деректерді алға тартып жылы лебіздерін білдірді. Кешке жыр сүйер қауым Сырдан шыққан қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушыларының ғұмыр жолын зерделейтін авторлық жоба аясында түсірілген Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, «Шабыт» Халықаралық фестивалінің жүлдегері, ақын Толқын Қабылшаның «Сыр елінің тұлғалары» атты Ә.Тәжібаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған деректі фильмді тамашалады. Кеш соңында қатысушылар ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. |