«Қазақ әдебиетінің бәйтерегі» атты деректі фильмнің көрсетілімі

  3 ақпан күні көрнекті ақын, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық фестивалінің жүлдегері, ақын Толқын Қабылшаның Сырдан шыққан қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушыларының ғұмыр жолын зерделейтін  «Сыр елінің тұлғалары» атты авторлық жоба аясындағы циклді  деректі фильм оқырмандар назарына  ұсынылды.

  Деректі фильмде қазақ әдебиетінің абызы атанған ақынның шығармашылығы жайында Б.Жақып, С.Дәуітов, С.Оспан, Қ.Жәленова сияқты көрнекті  ақын-жазушылар өз ойларын білдірді. Дара тұлғаның сан қырлы талантын жеткізген осынау фильмнен оқырмандардың алатыны мол.




 
03 ақпан 2022 ж. 18:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: