«Ақын жайлы толғасақ» атты танымдық кеш

  5 ақпан күні көрнекті ақын, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  халық жазушысы Ә.Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында «Ақын жайлы толғасақ» атты танымдық кеш өткізілді.       

  Аталмыш шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, аға оқытушы филология ғылымдарының кандидаты К.Қамзаева мен Қорқыттану ғылыми орталығының қызметкері, ақын Н.Бердіқожа қатысты.  Күлшат Салыққызы: «ақынның өлеңдері оның Отанына, туған жеріне деген махаббаттың, халқына және туған тіліне деген сүйіспеншіліктің негізінде өріліп, бойға нағыз рухани қуат береді» деп, атап көрсетті. Шараға қатысушы жыр сүйер қауым және «Жауқазын-ғұмыр шығармашылық клубы мүшелері ақын өлеңдерін оқып берді.

  Шара соңында оқырмандар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Ұлттық поэзия бәйтерегі» атты кітап көрмесін тамашалады.




 
05 ақпан 2022 ж. 10:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: