2022 жылғы мерейтой иелеріне арналған көрмелер

    Биыл қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.Алаштың арда азаматының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланбақ.

      Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы  ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты көрме ұйымдастырды.

   Ұлы жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Заманымыздың заңғар жазушысы», Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай«Әйгілі Әзаға», Қазақстанның халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына «Майдангер ақын» атты көрмелер оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге мерейтой иелерініңөмірі мен шығармашылығы жайында жазылған кітаптар, естеліктер, фото-суреттер, нақылсөздер мен дәйексөздер қойылды.




 
07 ақпан 2022 ж. 09:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: