«Ұлы даланың рухани қазынасы» атты кітап көрмесі

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  8 ақпан күні «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында «Ұлы даланың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Көрменің мақсаты-оқырмандарға қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу.

   Көрмеде  «Ұлы даланың Ұлы тарихы», «Қазақ хандары», «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары», Қ.Салғараұлының «Ұлы дала» және т.б. әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге әдебиеттер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, дәйек сөздер, суреттер қойылды.




 
08 ақпан 2022 ж. 19:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: