Бисерден бұйымдар жасау жолдары... Шеберлік сабағы11 ақпан күні өнер бөлімінің залында «Арулар әлемі» жобасы аясында бисерден түрлі бұйымдар жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – жастар мен жас аналарға бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру, әдемілікке, талғампаздыққа үйрету, көркем еңбекке тәрбиелеу. Шеберлік сабағын қаламыздағы № 2 Абай атындағы мамандандырылған мектептің көркем еңбек пәні оқытушылары Альжанова Роза, Бегимбаева Мархабат жүргізді. Сабақ барысында жастар мен жас аналар бисерден қыздар пайдаланатын әшекей бұйымдар: мойынға тағатын алқалар, шашқа, қолға арналған сәндік заттар жасауды үйренді. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды шараға қатысушылар ерекше ынтамен, қызығушылықпен жасады.
|