«Берке Аю және кәсіп», «Мың бояулы ORDA», «ORDA ертегілері толық жинағы» атты танымдық кітапшаларының тұсаукесері

   11 ақпан күні  «Балалар жылы» аясында  «OrdaGen» компаниясы  шығарған  «Берке Аю және кәсіп», «Мың бояулы ORDA», «ORDA ертегілері толық жинағы» танымдық кітапшаларының тұсаукесері ұйымдастырылды.

  Шараның мақсаты: жас жеткіншектерге халық ауыз әдебиетінің бай нұсқасы ертегілер жанрын насихаттап, оның өзгешеліктерін көрсете білу, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

  Тұсаукесерге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, ұстаз Р. Наурызбаева, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, балалар ақыны О.Қосанов, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филалының директоры, ақын журналист Қ.Есімсейітова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің балалар әдебиеті пәнінің оқытушысы З.Орманова, «ОrdaGen»жобасының директоры Т.Парасат   қатысты. 

   Шара барысында  кітапхананың оқырмандары «OrdaGen» компаниясы  шығарған  жаңа туындыларына  шеру жасап, қойылым қойып, өз пікірлерін білдірді.  Шара көтеріңкі көңіл- күймен, әсем ән, сәнді бимен жалғасын тапты.





 
11 ақпан 2022 ж. 16:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: