KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты дөңгелек стол

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 16 ақпан күні «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

   Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ф.ғ.к. қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман Маделханұлы, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Боранбай Болат Елтайұлы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Керейбаева Шынар Өмірзаққызы, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдуллақызы Ұлжан, Н.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәрібаева Айгүл Пернебайқызы қатысты.

  Шара барысында латын әліпбиінің осы кезге дейін ұсынылған 4 нұсқасында кеткен қателіктер, А.Байтұрсынов ұсынған 28 таңбаны қолдануға ыңғайлы екендігі айтылып, А.Байтұрсыновтың 1924 жылғы 2 шілдедегі «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген «Латынды ауызға алу-еріккендік...» деп аталатын мақаласы тыңдармандарға ой қозғау мақсатында оқылды.




 
16 ақпан 2022 ж. 16:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x